00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Елордада иттер мен мысықтарды тегін кастрациялау басталды

31.03.2023 | 17:00
Елорда ақпарат
32

Нұр-Сұлтанда үй жануарларын (иттер, мысықтар) тегін кастрациялау және стерилизациялау басталды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Үй жануарларының иелері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана ветсервис» ШЖҚ КМК өтініш білдіруі қажет.

Мекенжайы: 20-40 көше, 2/1 үй.

Алдын ала жазылу телефоны: 28-59-70, 8747-623-53-57, 8775-986-85-92.

«Византия» ветеринарлық клиникасына мысық иелері хабарласуы керек.

Мекенжайы: Қорғалжын тасжолы, 21/5 үй.

Алдын ала жазылу телефоны: 8708-663-56-78.

Операцияны орындау үшін үй жануарларын құрттан емдеп, вакцинациялау керек. Сондай-ақ операциядан 4-6 сағат бұрын жануарды тамақтандырмау (аштық диетасы) қажет.

Барлық жаңалықтар