00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Елордада алдағы күндері қандай қызықты іс-шаралар өтеді

31.03.2023 | 17:00
Елорда ақпарат
21

Елордада алдағы күндері қандай мәдени іс-шаралар өтеді? Бұл сұраққа бүгін «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі қарсаңында елордада өткізілетін іс-шаралар» тақырыбында өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Нұран Камзин айтты, деп хабарлады Elorda.info.

12-16 қыркүйек аралығында «Бәйтерек» монументінің алаңында «Ұлы дала сазы» атты этно-фестиваль өтеді. Ауқымды фестиваль заманауи этникалық жанрында болмақ. Бұл - қазіргі этникалық музыка жанрындағы  ең ірі жобалардың бірі. Этно-фестиваль туристерді қазақ халқының бай мәдениетімен таныстырады. Фестиваль 12-16 қыркүйек аралығында яғни 5 күн бойы өтеді. Этноауыл сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Мұнда келушілер барлық киіз үйлерге кіріп, көшпенді халықтың мәдениеті мен тұрмысымен таныса алады, - деді Н.Камзин.

Сондай-ақ елордалықтар шеберлік сабақтарына қатысады. Аңшы үйінде болып, бүркітпен, тазы ит пен суретке түсіп, ұлттық ойындарды ойнай алады.

Фестивальдің концерттік бөлімі күн сайын сағат 18:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады. Баршаңызды фестиваль қонағы болуға шақырамыз, - деді Н.Камзин.

Оған қоса, қалада тағы бірнеше іс-шара ұйымдастырылады.

14 қыркүйекте Жастар сарайында  «Наз» мемлекеттік би  театрының «Қазақ жәдігерлері» концерттік бағдарламасы өтеді. 15 қыркүйекте Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Жас Абай» спектаклі болады. Сонымен қоса, 16 қыркүйекте «Астаналық циркте» цирк бағдарламасы ұсынылады, - деді Нұр-Сұлтан қаласы  Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары.

Ал 16-17 қыркүйек күндері Борис Асафьевтің «Бақшасарай субұрқағы» драмалық балеті  «Астана Опера» театрында көрсетілмек.

17 қыркүйек Р.Бағланова атындағы «Қазақконцерт» залында  «Ханс Циммер» концерті көрерменге жол тартады.

Айта кетейік, елордада өтетін мәдени іс-шараларды Мәдениет басқармасының әлеуметік желідегі парақшасынан білуге болады.

Барлық жаңалықтар