00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Елордада биыл 300-ден астам отбасы апатты үйлерден көшіріледі - Көлгінов

31.03.2023 | 16:58
Елорда ақпарат
30

Елорда әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды қабылдап, қала тұрғындарын мазалайтын тұрғын үй мәселесіне назар аударды, деп хабарлады Elorda.info.

Апта сайын әдеттегідей азаматтарды қабылдадым. Қала тұрғындары қозғайтын негізгі проблемалардың бірі – тұрғын үй. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес,  жеңілдетілген қолжетімді баспана салу жұмысы жүріп жатыр, сол сияқты жастарға арналған арнайы тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды, тұрғын үй сертификатының сомасы ұлғайды, тұрғын үй бағдарламаларына қатысушылар санаты кеңейді және т.б, - деп жазды қала әкімі өзінің Instagram парақшасында.

Шаһар басшысы сондай-ақ азаматтарды қабылдау барысында лифтілерді ауыстыру мәселесі көтерілгенін де атап өтті.

Алайда қаламызда апатты күйде тұрған 200-ден аса үй бар. Соңғы үш жылда мұндай үйлерден 700-ге жуық отбасы көшірілді. Биыл тағы 300-ден астам отбасыны көшіруді жоспарлап отырмыз. «Елорда Даму» бағдарламасы жүзеге асырылғалы бері апатты үйлерден 4 мың 200 отбасы көшірілді.

Бұдан бөлек тұрғын үй кешендерін жөндеу және қауіпті лифтілерді ауыстыру жұмысы қолға алынды. Мәселен азаматтарды қабылдау барысында лифтілерді (Алматы ауданы, Күйші Дина көшесі) ауыстыру мәселесі көтерілді. Бұл үйдегі лифтілердің бір бөлігі ауыстырылды, қалған бөлігін ауыстыру жұмысы жүріп жатыр. Осыған дейін 80 лифті жаңартылды, биыл тағы 40-ға жуық жеделсатыны жаңартуды жоспарлап отырмыз. Келер жылғы жоспарға әзірге 30 лифті енді, тізімді толықтыру жұмысы жүріп жатыр, - деді Алтай Көлгінов.

Барлық жаңалықтар