00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Елордада балалар үйінің тәрбиеленушілері «Қазақ хандығы» фильмін тамашалады

31.03.2023 | 16:58
Елорда ақпарат
35

Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының «Жастар саясаты мәселелерінің басқармасының» қолдауымен, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Жас Сарбаз» жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жобасы аясында өтті.

Көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының бірінші томы – «Алмас қылыш» романының желісі бойынша түсірілген «Қазақ Хандығы» кинодилогиясы – көшпелі қазақ тайпаларының басын қосқан Қазақ Ордасының алғашқы хандары – Керей мен Жәнібек сұлтандардың билік құрған кезеңін қамтиды. Дәл осы тарихи кезеңді бейнелейтін керемет туынды «Жас Сарбаз» тәрбиеленушілерінің және оқушылардың бойында патриоттық сезімді оятуға түрткі болады.

Том-том кітапқа жазылған тарихымызды бір фильмен көрсеткен туынды оқушылар мен тәрбиеленушілердің тарих тұрғысында білімін арттырады деген сенімдеміз. Іс-шараның негізгі мақсаты да осы. Елінің патриоты болатын әрбір азамат төл тарихымызды, ата-баба ерлігін білу керек деген ойдамын, - деді «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ, Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.

Қаламызда 5 мыңға жуық «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері бар. Оларға бүгінгідей кинокөрсетілімдер, музейлерді аралау сияқты шаралар жиі өткізіледі. Бүгінгі шараның ерекшелігі - жас сарбаздықтармен қатар, балалар үйінің тәрбиеленушілерін де шақырып отырмыз. “Қазақ хандығы” киносын көру арқылы жастардың бойында патриоттық, Отанға деген құрметтері мен сүйіспеншіліктері артады деген сенімдемін, - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, «Жастар саясаты мәселелері» басқармасының бөлім басшысы Аян Ерментаев.

Фильм көрсетілімінен кейін көрермендерге фильм бойынша викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге жоба сыйлықтары табысталды.

Аталмыш жоба аясында әскери-патриоттық бағыттағы тағы да бірнеше фильм көрсетілімдері жоспарланып отыр.

Барлық жаңалықтар