00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Елордада Отбасы күні қарсаңында 5 жұп шаңырақ көтерді

31.03.2023 | 16:56
Елорда ақпарат
15

Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнде елімізде Отбасы күні аталып өтiледi. Осыған орайластырылған іс-шараны Есіл ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия ұйымдастырды.Сондай-ақ салтанатты іс-шараға отау құрғандарына 60 жыл толған гауһар той иелері де шақырылды.  

Есіл ауданы әкімінің орынбасары Қыдырбек-ұлы Дәрменияр, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің бас инспекторы Қарлығаш Саркенова, қалалық Әйелдер күштері альянсының төрайымы Назгүл Мақжан жас жұбайларға неке куәлігін салтанатты түрде табыстады.

Іс-шара барысында1962 және 1960 жылдары неке қиған, 60 жыл бойы отбасылық дәстүрлерге адал болған гауһар той иелері Нұр-Сұлтан қаласының «Мерейтой иегерлері» кітабына жеке қолтаңбаларын қалдырды.

Гауһар той иелерінің бірі – Өтен Ахмет пен Райхан Тілегенова. Отағасы бірнеше жыл бойы журналистика саласында түрлі қызмет атқарса, жұбайы Райхан Тілегенова кітапханашы болған. Олардың айтуынша, отау құрғаннан кейін махаббат сыйластыққа ұласуы керек.  

Біз 1961 жылдың 31 желтоқсанында Алматыда жаңа жылдық кеште таныстық. Содан бері біргеміз. 1962 жыл шаңырақ көтердік. Биыл отау құрғанымызға 60 жыл толды. Отбасын сақтап қалудың кілті тәрбиеде деп ойлаймын. Отбасы болғаннан кейін ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Ондайда ренішіміз тез басылатын. Адам бір-бірін жақсы көріп үйлену керек деген принциппен өмір сүрдік. Өмірдің жолы тақтайдай тегіс болмайды. Махаббат сыйластыққа ұласуы керек. Отбасы құндылықтарын жоғары бағалаймыз. Екі баламыз, 6 немере, үш шөбереміз бар. Оларға жанұядағы татулықтың үлгісін көрсеттік, - дейді гауһар той иелері.   

Елордалық 5 жұп отбасылық өмірге қадам басты. Олардың арасында Батырбек Ақан мен Мәдина Қабденова да бар. Олардың екеуі де – мұғалім.

№78 мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімімін.Сонда таныстық. Бір жыл бойы сөйлесіп, кездесіп, отбасын құруға бел будық. Неке куәлігін осылай салтанатты түрде табыстап жатқанына қуаныштымыз. Бұл күннің отбасы күніне сәйкес келгені кездейсоқтық емес. Бұл күн біз үшін Отбасы күні ғана емес, ресми түрде шаңырақ көтерген ерекше күн болып отыр. Осындағы ата-апаларымыз сияқты бақытты жанұя боламыз деп ойлаймын. Отбасы құндылығы екі адамның сыйластығы деп ойлаймыз, - дейді жас жұбайлар.

 

Барлық жаңалықтар