00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада жаңа саябақтың құрылысы басталады

31.03.2023 | 16:56
Елорда ақпарат
21

Нұр-Сұлтанда жаңа саябақтың құрылысы басталады, деп хабарлады Elorda.info.

Inform.kz жазуынша, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі қарсаңында еліміздегі түрлі конфессиялар мен ұлттар арасындағы ынтымақтастықты, достық пен бірлікті бейнелейтін табиғи-рекреациялық саябақ тұжырымдамасы әзірленді.

Бейбітшілік пен келісім саябағы Есіл өзенінің бойында елорда әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылады. Қала әкімдігі Урбанистика орталығының мәліметінше, жобаның негізгі идеясы - «Өмір ағашы» монументі.

Бұл құрылыс күмбез түрінде жасалады. Ал оның ортасына жапырақты ағаш – емен ағашын орналастыру жоспарланып отыр. Ағаш спиральмен және үйлесімді субұрқақпен - су бетімен қоршалады.

Автор идеясына сәйкес, ғасырлар бойы тамыры тереңде жатқан су мен өмір ағашы жер бетіндегі тіршіліктің нақты бейнесін айшықтайды. Осылайша, инсталляция барлық конфессиялардың келісімге, бейбітшілік пен достыққа шақыруын білдіреді. Күмбез өз кезегінде бір аспан астындағы әлемді бейнелейді. Онда 4 негізгі нүктені – Оңтүстік, Солтүстік, Батыс, Шығысты білдіретін 4 кіру аймағы болады, - деп түсіндірді орталықтан.

Күмбез қабырғаларында Дүниенің жаратылуын, Қазақстан тарихындағы оқиғаларды көрсететін бейнелер, сондай-ақ қазіргі заманға үндеу ретінде еліміздің аумағында табылған әйгілі ежелгі жартас суреттері – петроглифтер салынады. Ағаштың айналасындағы спираль аспанды (күмбезді) және жерді (су бетін) байланыстырады. Осылайша әлемнің нәзіктігі туралы идеяны жеткізеді.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі делегациялары басшыларының саны бойынша «Өмір ағашы» монументінің айналасына 50-ден астам жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар отырғызылады.

Сондай-ақ шара делегаттары да тұтас концепция негізінде орталық ағаштарын отырғызуға қатысады. Ағаштардың жанына саябақ іргетасының қойылған күні жазылған ескерткіш тақталар орнатылады.

Ал саябақтың құрылысын аяқтап, пайдалануға беру 2023 жылға жоспарланып отыр.

Барлық жаңалықтар