00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Қостанайдағы өртті сөндіруге кеткен елордалық құтқарушылар оралды (ВИДЕО)

31.03.2023 | 16:56
Елорда ақпарат
47

Елордалық гарнизонның басшылығы мен жеке құрамы Өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары Р. Екишевтің басшылық етуімен Қостанай облысында болған орман өртімен бес тәулік күрескен өрт сөндірушілерді қарсы алды.

Сіздер жеңіспен оралған нағыз батырсыздар, осы орайда сіздерге алғысымды білдіремін! Сіздер атқарған жұмысты, орындалған міндетті Мемлекет басшысы жоғары бағалады, - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы  ТЖД бастығы полковник Қуанар Базарбаев.

Еске сала кетейік, елордалық ТЖД-ның 98 ержүрек құтқарушысы, 18 өрт сөндіру техникасы өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Р. Екишевтің басшылығымен Қостанай облысының Әулиекөл ауданына өртке қарсы күресте әріптестеріне көмек көрсетуге кеткен болатын.

Елге төнген қауіпке дер кезінде жеткен өрт сөндірушілер отан алдындағы міндетін абыройлы атқарып, бесінші күні өз жақындарымен қауышты.

Біз өз әріптестерімізге, елімізге қиын қыстау кезде барып, тілсіз жаумен күні түні күрестік, бірлескен әрекеттердің арқасында оттың ары қарай басқа да ауылдарға таралуына жол бермедік, бүгін міне өз үйімізге шаршап жетсекте, елге қызмет етіп, қойылған міндетті абыроймен атқарғанымыз, жеңіске жеткеніміз бізге үлкен күш-қуат береді,-дейді Қостанай облысынан келген өрт сөндірушілердің бірі.

 

Барлық жаңалықтар