00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Tartyl Fest: елордадағы жарыстың жеңімпаздары анықталды

31.03.2023 | 16:50
Елорда ақпарат
8

Турнирдің соңғы 20-кезеңі Нұр-Сұлтан қаласында, EXPO аумағында өтті. Бұл жарысқа қатысуға 650-ден астам елордалық өтінім берген. Ондағы ең үлкен қатысушы 81 жаста болған.

Бүгін астаналықтар Tartyl Fest рекордын жаңарта алмады, мұндағы ең жоғары көрсеткіш – 38. Бұған дейін Tartyl Fest-тің соңғы рекордын тараздық Евгений Нам орнатқан еді, ол белтемірде 50 рет тартылған.

Сондай-ақ, бүгінгі турнирдің ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмырзаев, «Дара» қолдау қорының басшысы Нұрлан Қоянбаев, белгілі спортшы Дамир Муминов, жоба амбассадоры, қоғам қайраткері Айтым Жақыпов қатысты.

Осылайша, елордада 9 санаттағы Tartyl Fest жеңімпаздары анықталды:

18 жасқа дейін (55 кг дейін):

1-орын - Арлан Сағат – 14 жас, 38 кг – 28 рет

2-орын - Рамазанов Расул – 13 жас, 51 кг - 23 (21) рет

3-орын - Ким Евгений – 13 жас, 45 кг – 23 рет

18 жасқа дейін (55-70 кг):

1 орын - Ещенко Данил - 17 жас, 57 кг - 30 рет

2 орын - Тимофеев Артем - 16 жас, 57 кг - 28 рет

3 орын - Дамиров Дидар - 17 жас, 57 кг – 27 рет.

18 жасқа дейін (70 кг бастап):

1 орын - Сейітжан Талғатжан - 17 жас, 76 кг - 28 рет

2 орын - Акимжанов Семяджан - 17 жас, 71 кг-23 рет

3 орын - Қанафин Ескендір - 17 жас, 70 кг - 22 рет

18-30 жас (65 кг дейін):

1-орын - Әлімхан Арай - 27 жас, 61 кг - 38 рет

2-орын - Студентұлы Тоқтар - 21 жас, 58 кг-35 (34) рет

3-орын - Екпіндиев Еламан - 25 жас, 62 кг - 35 (33) рет

18-30 жас (65-80 кг):

1-орын - Береханов Ислам - 27 жас, 72 кг - 35 рет

2-орын - Свириденко Виктор - 29 жас, 65 кг - 34 рет

3-орын - Никитин Илья - 28 жас, 71 кг - 33 рет

18-30 жас (80 кг бастап):

1-орын - Әбдірахманов Диас - 26 жас, 80 кг - 34 рет

2-орын - Аманжол Байбек - 23 жас, 81 кг - 32 рет

3-орын - Тұрғын Сұлтан - 26 жас, 83 кг - 31 рет

30 жастан бастап (80 кг дейін):

1-орын - Тұрғынбаев Жандос - 32 жас, 59 кг - 36 рет

2-орын - Досжанов Махамбет - 45 жас, 57 кг - 33 рет

3-орын - Қайырбаев Рауан - 38 жас, 58 кг - 32 рет

30 жастан бастап (80-90 кг):

1-орын - Кеукенов Ерлан - 32 жас, 84 кг - 26 рет

2-орын - Барановский Артем - 30 жас, 82 кг - 25 (30) рет

3-орын - Қарақатов Нұржан - 38 жас, 83 кг - 25 (26) рет

30 жастан бастап (90 кг бастап):

1-орын - Нохрин Александр - 31 жас, 93 кг - 31 рет

2-орын - Мекеев Ермек - 33 жас, 90 кг - 25 (24) рет

3-орын - Әбілов Дияр - 30 жас, 92 кг - 25 (21) рет.

Бірінші орын үшін 200 мың теңге ақшалай сыйлық беріледі, екінші орын үшін – 100 мың теңге; үшінші орын үшін – 50 мың теңге.

Фестиваль 10 шілде мен 6 қыркүйек аралығында еліміздің 20 қаласында ұйымдастырылды, әр қалада 27 жеңімпаз анықталды.

Енді әр қаланың жеңімпаздары (тоғыз санатта) қазан айында Нұр-Сұлтанға гранд-финалға келеді. Нақты күн кейінірек жарияланады.

Гранд-финал чемпиондары Финляндияда өтетін Street Workout бойынша әлем чемпионатына қатыса алады.

Айта кетейік, Tartyl Fest Президент жанындағы «Дара» қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылды.

Барлық жаңалықтар