00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елордалық түлектерге грант берілді

25.02.2023 | 15:01
Елорда ақпарат
25

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов Конституция күніне орай  қалалық мәслихат атынан әлеуметтік осал топтарға жататын, тұрмысында қиыншылығы бар балаларға, белсенді түлектерге арналған гранттық оқу сертификаттарын табыс етті, деп хабарлады Elorda.info.

Қалалық мәслихат пен AMANAT партиясының «Жастар рухы» жас қанаты бірлесіп өткізіген бұл игілікті шара аясында 60 талапкер «Тұран-Астана» университетінде, Технологиялық колледжде, сондай-ақ «Астана Профи» қалалық шаруашылық колледжінде қалалық мәслихаттың грантымен оқуға мүмкіндік алды.

Өткен жылы ел тәуелсіздігінің 30 жылыдығына орай, қалалық мәслихат депутаттары «тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған 30 игілікті іс» деген бастаманы қолға алған болатынбыз. Осы шара аясында орта кәсіптік және жоғары оқу орындарында қалалық мәслихат атынан арнайы грант бөлген едік. Елорда тарихында тұңғыш рет атқарылған бұл жоба аясында 30 түлекке білім грантын берген едік. Биыл осы игілікті бастаманы жалғастырып, грант алатын түлектер санын көбейтіп, 60-қа жеткіздік. Бұл грант тек қана тұрмыс жағдайы төмен түлектерге ғана емес, әлеуметтік өмірде үлкен белсенділік танытқан түлектерге де берілді, – деді Ерлан Қаналимов. 

Шараға «Тұран-Астана» университетінің, Технологиялық колледжінің басшылары қатысып, талапкерлердің оқуына табыс тіледі.

Барлық жаңалықтар