00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Байқоңыр ауданында абаттандырылған жаңа аулалар ашылды

25.02.2023 | 14:56
Елорда ақпарат
10

Ауданымыздың орталық бөлігінде Абай даңғылы, 50 мен А.Бараев көшесі, 3 мекенжайлары бойынша жаңа аулалар пайдалануға берілді. Аталған аулалар да балалар ойын алаңдары жаңартылып, тұрғындардың демалысына қолайлы ортақ алаң пайда болды. Бұдан бөлек, Кирпичный тұрғын алабындағы Ырыс, 1 мекен жайы бойынша жаңа спорттық алаң, балалар ойын алаңы қамтылған кезекті шағын қоғамдық кеңістік бой көтерді, - деп жазылған Байқоңыр ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, кеңістіктің ашылу рәсімі бүгінгі мереке аясында үлкен қуанышпен аталып өтті.

Жиналған тұрғындар мен кішкентай балақайларымыз алаңда көңілді аниматорлардың қызықты ойындарына қатысып, балалар арасында өткен футбол тунирінің де куәсі болды.

Ал тұрғындар бүгінгі мерекемен барша қауымды құттықтап, әкімдік қызметкерлеріне де алғыстарын жеткізді.

Барлық жаңалықтар