00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елордада Конституция күніне орай дөңгелек үстел өтті

25.02.2023 | 14:48
Елорда ақпарат
33

Дөңгелек үстелге қала әкімінің орынбасары Есет Байкен, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы, ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі Иоганн Меркель, Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров сондай-ақ қоғам қайраткерлері қатысты.

Конституция – барлық құжаттардың қайнар көзі. Бүгінгі Есіл аудандық әкімінің ұйымдастырып жатқан дөңгелек үстел барысында Ата заңға қатысты тарихи оқиғалар айтылды. Жалпы  елімізде 5 маусымда өткен республикалық референдумда Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары белсенділік танытқан болатын. Бұған қалада 400 мың  тұрғын сайлау учаскесін барып, өз таңдауын жасады. Олардың 56%-дан астамы Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қолдайтынын білдірді. Барша қазақстандықтарды Ата заң күнімен құттықтаймын. Ата заңымыз еліміздің одан сайын дамуына кепіл беретініне барлығымыз кәміл сенеміз, - деді қала әкімінің орынбасары Есет Байкен.

Биыл Ата заңымыздың қабылданғанына 27 толып отыр.

«Жаңа Қазақстанның» мүмкіндіктері құжаттарда көрініс табуы керек. Осыған байланысты еліміздің Ата заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатыр. Мұның барлығы да жаңарған қоғамымыздың мүмкіндіктерін және жаңа белестерге шығатын заңдық айғақтарын негіздейді. Бұл заңдық айғақтар дегеніміз не? Естеріңізде болса, міне супер президенттік биліктен президенттік республикаға көшеміз деп жатырмыз.  30 жыл ішінде қабылданған Конституциялардың барлығы өміріміздің айнасы іспеттес. Жалпы біз Конституция туралы осындай атаулы күндерде ғана емес, өмірімізде де көп түсіндіруіміз керек. Әрбір заңды білген азамат ол өзінің өмірін темірқазығын анықтайды деген сөз бар. Сол темірқазығымыз айқын болсын, жолымыз ашық болсын, - деді Дихан Қамзабекұлы.

Барлық жаңалықтар