00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елорда әкімі қала кәсіпкерлерімен кездесті

25.02.2023 | 14:26
Елорда ақпарат
16

Қала экономикасының негізін шағын және орта бизнес құрайды. Елордада түрлі секторлар бойынша жұмылдырылған және 500 мыңға жуық қала тұрғыны жұмыс істейтін 180 мыңға жуық бизнес субъектісі бар. Тұрғындар олардың қызметін күн сайын пайдаланады. Олардың арасында қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету, сол сияқты құрылыс, медицина, білім беру салалары және т.б. бар. Сол себепті елорданың бизнес ахуалын одан әрі жақсарту тетіктері аса маңызды.

Қаланың кәсіпкерлерімен «Ашық микрофон» форматында кездесу өткіздік. Кездесу 3 сағатқа созылды, жиынға қатысушылар толғандырған сұрақтарын қойды. Мәселен әкімшілік кедергілерді қысқарту, құрылыс саласын дамыту, қаланың дизайн-коды, жер учаскелері мен инженерлік желілер, жобаларды қаржыландыру және т.б. Кездесуге «Атамекен» ҰКП, қаланың құқық қорғау және қадағалау органдарының, салалық қауымдастықтардың, адвокаттық заң қауымдастығының басшылығы, кәсіпкерлер және т.б. қатысты.

Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті дамыту үшін тиісті жағдай жасауға және қала мен елді дамытуға жеке инвестициялар тартуға ерекше көңіл бөледі.

Әкімдік тарапынан бизнес өкілдеріне жүйелі қолдау көрсету үшін бірқатар шаралар қабылдадық. Бизнесті, әсіресе шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың айтулы тетіктерінің бірі «Astana ӘКК» АҚ қызметі болып саналады. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация кәсіпкерлерге бюрократиялық кедергісіз жер учаскелерін, арнайы экономикалық аймақ аумағында «Astana Invest» және индустриялық парк арқылы жеңілдікті преференциялар беруге мүмкіндік береді. Бұл шаралар дағдарыс кезеңінде ерекше және маңызды рөл атқарды.

Сол сияқты түрлі бағдарламалар арқылы гранттар мен жеңілдетілген несиелер беріледі. Мәселен биыл жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 130-дан аса грант берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп. ШОБ нысандарына инженерлік желілер жүргізу бойынша қолдау көрсетеміз, бизнес шығындарын азайту және қолдау үшін қажетті инфрақұрылым жасаймыз. Бүгінде iQala қалалық қызметтер орталығы, инвесторларға арналған «Astana Invest» фронт-кеңсесі және т.б. табысты жұмыс істеп жатыр, – деп жазды А.Көлгінов.

Барлық жаңалықтар