00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Елордада өрт қауіпсіздігі айлығы басталды

25.02.2023 | 13:58
Елорда ақпарат
20

Нұр-сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бұл іс-шараны жеке құрамды сапқа тұрғызудан бастады.

Бұдан кейін әлеуметтік қорғау, әкімдіктер, тұрғын үй инспекциясы, ЖПҚ, ювеналды полиция, еріктілер және т.б. өкілдерімен бірлесіп, халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлеріне барды. Қаланың төрт ауданында тұрғын үй секторы бойынша ауқымды рейд жүргізді.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, биылғы жылдың басынан бері Нұр-Сұлтан қаласында 445 өрт оқиғасы тіркелген. 10 адам көз жұмған, 11 адам жарақат алған, 10 адам құтқарылған, 26 адам эвакуацияланған. Өрттің басым бөлігі тұрғын үй секторларынан шыққан.

Өрттердің негізгі себептері –  пешті жылыту және электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау. Жыл сайын күн суытып, жылыту маусымы жақындаған кезде, қайғылы жағдайларды болдырму мақсатында елордалық ТЖД жеке тұрғын үй секторларын аралады. Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Рейд барысында пештер мен мұржаларды, электр жылытқыштардың орнатылуына аса басты назар аударылды. Үй иелеріне пештер мен түтін мұржаларын орнату кезінде ақаулықтарын жою жөнінде ұсыныстар берілді, өртке қарсы нұсқаулықтар жазылған жадынамалар таратылды.

Қалалық ТЖД жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерінің тізімін құрастырған. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша барлығы 1240 тұрғын үй есепте тұр. Оның ішінде Алматы ауданында –612, Байқоңыр ауданында – 213, Есіл ауданында – 134, Сарыарқа ауданында – 281 үй.

Сондай-ақ 2022-2023 жылғы жылу беру кезеңінде жалға берілетін 1271 тұрғын үй-жай бар. Атап айтқанда, Алматы ауданында 473, Байқоңыр ауданында – 206, Есіл ауданында – 156, Сарыарқа ауданында – 436 үй.

Өртке отпен абайсыз болу, электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану ережелерін бұзу, жылыту  пешін  орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, тұрмыстық электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу және т.б. жағдайлар себеп болады. Электроқұралдарын және жылыту пештерін орнату барысында мұқият болу қажет. Ақауы бар розеткаларды, басқа да электроқұралдарды қолданбаған жөн. Өрт қауіпсіздігі шарттарына сәйкес келмейтін пештерді қолдануға болмайды, деді қалалық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы  Еркін Отарғалымұлы.

Барлық жаңалықтар