00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Депутаттар елордадағы «Заречный» тұрғын алабының тұрғындарымен кездесті

25.02.2023 | 13:57
Елорда ақпарат
44

Кездесуде «Заречный» тұрғын алабының өзекті мәселелері көтерілді. Олардың барлығы – қарапайым тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей қатысы бар мәселелер. Сұрақтардың басым бөлігі мектеп құрылысы төңірегіне топтасты. Себебі елорданың қарқынды дамып келе жатқанына қарамастан, Заречный алабында әлі күнге дейін мектеп салынбаған. №45 орта мектептің салынғанына 34 жыл болған, 400 баланы ғана қамти алатын мектепте 800-ге жуық бала оқиды.

Бүгінгі кездесуде бірқатар қалалық, тіпті республикалық деңгейдегі  мәселелер көтерілді. Қалалық деңгейдегі мәселелер: құрылыс, көшелерді кеңейту, коммуникациялық мәселелер және т.б. Олардың барлығын жазып алдық, бақылауға аламыз, - деді Мәжіліс вице-спикері Павел Казанцев.

Мәжіліс депутаты Елдос Абақановтың айтуынша, аталған мәселелер мен олардың шешу жолдары қолға алынатын болады.

Ең көп көтерілген сұрақ -  «мектеп қашан салынады?». Ескі мектептің алдында бүгінгі жиналысымызды өткіздік. Мектеп бұл ауданға әрине жеткіліксіз, одан бөлек мектепалды даярлық класстарында жауып тастаған. Біздің мақсат - барлық проблемаларды тікелей естіп, олардың шешу жолдарын ойластыру. Әр сұрақ бойынша жеке-жеке жұмыс жасайтын боламыз. Кездесу аясында айтылған және олардың шешу жолдары  бақылауға алынатын болады, - деді өз сөзінде депутат Елдос Абақанов.

Барлық жаңалықтар