00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Аз қамтылған отбасылардан шыққан 17 мыңға жуық балаға көмек беріледі – Көлгінов

25.02.2023 | 13:56
Елорда ақпарат
19

Жаңа оқу жылының басталуына аз уақыт қалды. Елордалық оқушыларға кітап алуға 3 млрд теңге қаражат бөлінді. Оқу жылында 1 млн жаңа кітап таратылады. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан 17 мыңға жуық балаға материалдық көмек беріледі. Әр балаға 40 мың теңгеден бөлдік. Сонымен қатар, қоғамдық көлікте балалар тегін жүреді, - деді А. Көлгінов елорда мәслихатының кезектен тыс сессиясында.

Оның айтуынша, елордадағы мектеп құрылыстарының жұмысы да күшейтілмек.

Қала аумағында мектептердің құрылысын қарқынды жүргізу мәселесі Президенттің бақылауында тұр. Үш бағыт бойынша, яғни мемлекеттік бюджет есебінен мектеп салуды, мемлекеттік-жекешелік әріптестік және жеке инвеситициялар есебінен іске асырамыз. Алдағы уақытта мектеп құрылысының қарқынын күшейтуіміз керек. Бас жоспарда әр шағын ауданда, жаңа құрылыс нысандары салынып жатқан жерлерде салынатын мектептерді бекіттік, - деді әкім.

Барлық жаңалықтар