00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елорда бюджетінен әлеуметтік салаға 21,4 млрд теңге бағытталды

25.02.2023 | 13:55
Елорда ақпарат
10

Елорданың 2022-2024 жылдарға арналған бюджетіне енгізілетін өзгерістерде тиісті талдау негізге алынып, меншікті кірістер бойынша жоспарды 68 млрд теңгеге, яғни 553 млрд теңгеге дейін ұлғайту ұсынылып отыр. Оның ішінде салық түсімдері 54 млрд теңгеге, салық түсімдеріне жатпайтын кірістер 5,1 млрд теңгеге, сондай-ақ негізгі капиталды сатудан келетін түсімдер бойынша 9,6 млрд теңгеге дейін ұлғайту ескерілген, - деді Нұр-Сұлтан қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Маңқараев.

Басқарма басшысы атап өткендей, мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындау басымдығы шеңберінде әлеуметтік саланы қаржыландыру мәселесі ерекше тәртіппен қаралды.

Әлеуметтік салаға 21,4 млрд теңге бағытталды. Бұл бюджеттік сала кәсіпорындары мен ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге, қарттарды қолдауға, «Инватакси» тасымалдау қызметін көрсетуге бөлінді. Бұдан басқа, гранттар беру арқылы халықтың әлеуметтік осал топтары арасында кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бойынша бағаны тұрақтандыру үшін қаражат жоспарланды, - деді басқарма басшысы.

Барлық жаңалықтар