00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елордада 61 мыңнан астам адам ревакциналанды – Тимур Мұратов

25.02.2023 | 11:40
Елорда ақпарат
27

Толық ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін жас шектеулері мен медициналық көрсеткіштерін ескере отырып, 600 мыңнан астам адамды, яғни қала тұрғындарының кемінде 60%-ын вакцинациялау жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда 533 мыңнан астам адам вакцинаның 1 компонентімен егілді. 515 мыңға жуық қала тұрғыны толық иммундаудан өтті, – деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Оның айтуынша, елордада коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау жұмыстары жалғасуда.

Қала бойынша емханаларда 34 егу кабинеті жұмыс істейді. Ревакцинацияға келер болсақ, 20 шілдедегі жағдай бойынша 151 мыңға жуық адам бастапқы компонентті алды. 6 мыңнан астам адам толық ревакцинациядан өтті. Ревакцинациядан қайта өту курсын 61 мыңнан астам адам алды, - деп атап өтті Т. Мұратов.

Бүгінгі таңда бала емізетін және жүкті әйел адамдар мен жасөспірімдер арасындавакцинациялау айтарлықтай жақсарған. Осы санаттағы 40 мыңнан астам адам вакцина алды. Барлығы 2 мыңнан астам жүкті әйел, 31 мыңдай жасөспірім және 7 мыңнан астам бала емізетін әйел толық иммундаудан өтті. Енді шамамен 800 адам 2 компонентпен қамтылмақ. Осы бағытта емханалардың жұмысы одан әрі жалғасуда.

Барлық жаңалықтар