00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Елордада осы аптада қандай іс-шаралар өтеді

25.02.2023 | 11:30
Елорда ақпарат
28

22-24 шілде аралығында елордалық Қуыршақ театрында "Жаңғырық қалай пайда болды?" атты жапон халық ертегісі көрсетіледі.

Жас көрерменнің музыкалық театры 19 шілде күні сағат 19:00-де "Үнсіздік" перфомансының тұсаукесеріне шақырады. 20 шілде күні кешке МТЖҰ "Шәмші" мюзиклін және "GoDo"комедиялық абсурдын ұсынады. Күндіз "Ғашық-жүрек" музыкалық-поэтикалық спектаклін тамашалауға болады. 22 Шілдеде "ТЕАТР ӘЛЕМІ" концерт-қойылымы, 23 шілдеде "Махаббат бар ма?", 24 шілде – "Абай-Тоғжан" музыкалық драмасы қойылады.

№2 балалар кітапханасында 19 шілде күні "Мың ғаламшардың арасында жерден кереметі жоқ" атты экологиялық сағат, ал №8 балалар кітапханасында "Үлкен табиғаттың кішкентай ғажайыптары" атты экосағат өтеді. 20 шілдеде № 5 балалар кітапханасы “Жазды бекер өткізбе – кітапханаға кел!...", осы уақытта №2 бұқаралық кітапханада "Қағаздан қол өнер" шеберлік сыныбы ұйымдастырылады. Сол күні №3 балалар кітапханасында "Нашақорлыққа – жол жоқ" атты тренинг сабағын тамашалауға болады. Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 22 шілде күні "Ғашықтық ғаламаты" атты әдеби сағат өткізіледі. Апта бойы 19-23 шілде аралығында №15 бұқаралық кітапханада арт-терапия, шахмат, тоғызқұмалақ, ағылшын тілі бойынша клубтар мен үйірмелер жұмыс істейді.

Демалыс күндері, 23 және 24 шілдеде сағат 12:00-ден 22:00-ге дейін креативті индустрияларды дамыту орталығы Demalys Promenade алаңында, "Самал" қоғамдық кеңістігі мен қалалық алаңда Creative Summer бағдарламасын ұйымдастырады. Осы уақытта "Бәйтерек" монументінің жанында демалыс күндерінің концерттері өтеді.

Барлық жаңалықтар