00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Елорда әкімі LRT жүйесінің қауіпсіздігіне қатысты сұраққа жауап берді

25.02.2023 | 10:39
Елорда ақпарат
32

Қоғамның LRT-нің қауіпсіздігіне алаңдауы орынды. LRT бағандары – сараптамадан өткен күрделі инженериялық құрылыс. Жобаны жасауға сарапшылар, құрылысшылар, инженерлер атсалысты. Сондықтан біз барлық жайтты, атап айтсақ, қысым, салмақ, ауа райына байланысты өзгерістерді ескердік. Мысал ретінде Нұр-Сұлтанның климатына ұқсас белдеуде орналасқан Канада мемлекетін алайық. Ол жақта да LRT жүйесі бар. Біздің мамандар бұл мемлекетке барып, арнайы көріп келді. Жоба келісімшартымыз бар серіктестерімізге де осы сұрақты қойдық. Сол себепті біз негізгі міндет ретінде нысанның сапалы түрде салынуын алға қойып отырмыз. Өйткені күрделі LRT инженерлік-транспорттық жүйе, – деді елорда әкімі.

Алтай Көлгіновтің айтуынша, қазіргі басты міндет – LRT құрылысын аяқтау.

Қазір қалада тұрған бетон бағандар сапалы, олардың әрқайсысының салмағы 220 тонадан асады. Олар арматура мен темір-бетоннан жасалған. Бетон маркасының сапасы өте жоғары. Бұдан бөлек мамандар бірнеше кезеңнен тұратын тексеру жүргізеді. Қазіргі басты мақсатымыз  – LRT құрылысын аяқтау, –  деді шаһар басшысы. 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар