00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Елордада «Astana FM ON AIR» музыкалық фестивалі өтеді

25.02.2023 | 10:22
Елорда ақпарат
13

Ашық аспан астындағы музыкалық концерт «Бәйтерек» монументінің жанында өтеді. Сахнада Бейбіт Қорған, Дос, Аргоня, Гүлсім Мырзабекова, Айри, Еңлік, Рухия, Айсұлтан, Темірлан мен Ернат, Алдаспан тобы және еліміздің басқа да эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, қалың тыңдарманға белгілі туындыларымен жаңа әндерін тарту етеді. Ал кешті Astana  FM радио диджейлері жүргізіп, концертті қызықты етеді.

Айта кетейік, сахнада негізінен елордамыздың басты радиосында қойылып жүрген әндер шырқалады.     

Бұл кеште сахнада радиомыздың барлық жұлдыздары жиналады деп күтілуде. Дәстүрлі жоба бұған дейін елордамызда жылда тұрақты түрде ұйымдастырылып тұратын. Алайда пандемия салдарынан үзіліс алуға мәжбүр болған едік. Енді міне, жаңа леппен қайта жаңғыртып отырмыз. Еліміздегі бірегей концерттердің бірі саналатын бұл шараға елордалықтар мен қала қонақтары жоғары бағасын береді, - деген сенімдемін деді Astana  FM радиосының директоры Сымбат Танашева.

Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен өтетін бұл концерттің басталуы 6 шілде күні  сағат 19:00-ге жоспарланған. Сағат 21:00-ге дейін жалғасады.

 

 

Барлық жаңалықтар