00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Елордада Сабантой мерекесі тойланды (ФОТО)

25.02.2023 | 10:05
Елорда ақпарат
16

Бүгінгі Сабантой мерекесімен құттықтаймын. Елорда күні қарсаңында жыл сайын дәстүрге айналған Сабантой өтеді. Барлықтарыңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! - деді Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова.

Мерекеде қонақтар түрлі сайыстар мен халықтық ойындарға қатысып, салт-дәстүрлермен, сәндік-қолданбалы өнермен және қолөнермен танысты, ұлттық тағамдардан дәм татты.

Сабантой мерекесінде Қазан қаласының танымал әртістері Татарстан Республикасының Халық әртісі Илсаф (Ильсур Сафин), халықаралық байқаулардың лауреаты Әлия Карачурина, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының және татар-башқұрт орталығының жетекші солистері мен ұжымдары арнайы өнер көрсетті.

«Demalys Promenade» жаяу жүргіншілер бульварында Сабантой мерекесі өтіп жатыр. Бұл мереке халықты концерт, спорттық ойындар арқылы біріктіреді. Мерекеге жиналғандардың қарасы мол. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, - дейді «Таң» татар-башқұрт этномәдени орталығының төрағасы Дамир Султанов.

Сондай-ақ мерекеде Татарстан Президенті Рустам Миннихановтың құттықтауы оқылып, алғыс хаттар тапсырылды.

Сахнада бейнеленген татар халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы тамаша көрініске келушілер ризашылықтарын білдірді.

Барлық жаңалықтар