00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Келіп түскен ұсыныстардың 51 пайызы ЛРТ-ны жалғастыруды қолдайды – Алтай Көлгінов

25.02.2023 | 09:54
Елорда ақпарат
26

Бұл туралы әкім BaigeNews.kz сайтының «2022» жобасында айтты.

Бұған дейін белігілі болғандай,  ЛРТ жобасына қатысты әкімдіктер ұсыныс жинап, бірнеше нұсқасын Үкіметтің қарауына жіберген еді.

ЛРТ жобасы тек Нұр-Сұлтан бойынша емес бүкіл елімізде талқыға салынып келді. Өйткені жобаның өзіндік тарихы мен мәселелері бар. Оны бәріміз білеміз. Біздің әкімідік көптеген ұсыныстарды жинады. Қалалық урбанистика орталығының байқау жариялағанын білесіздер. Бізге 400-дей ұсыныс келіп түсті. Оның ішінде қазақстандық және халықаралық көлік тасымалының эксперттері де бар. Статистикаға зер салсақ, келіп түскен ұсыныстардың 51 пайызы ЛРТ жобасын жалғастыруды, 42 пайызы оның баламалы жолын қарастыруды және 7 пайызы ғана ЛРТ-ны бұзуды жөн көрген, - деді қала басшысы.

Барлық жаңалықтар