00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

18 құрылыс компаниясы Астана көшелерін лайлағаны үшін жазаланды

23.04.2024 | 21:01
72
фото: www.gov.kz

18 құрылыс нысаны Астанада абаттандыру талаптарын бұзып, көшелерді балшықпен былғағаны үшін жазаланды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қалалық қоршаған ортаны бақылау және сапа басқармасы аудан әкімдіктерінің мамандарымен бірлесіп, құрылыс нысандарының арасында бірқатар бұзушылықтарды анықтады.

Құрылыс нысандарындағы дөңгелектерді жуу пунктінің, негізгі жол төсеміне қатты жанасуының, құрылыс қоршауларының тиісті жай-күйінің бар-жоғы тексерілді. Нәтижесінде 88 нысанда ескертулер анықталды. Бұзушылықтар жойылмаған жағдайда полиция департаменті ҚР ӘҚБтК 505 және 630-баптары бойынша қоршаулар мен дөңгелектерді жуу пункттері нормаларының талаптарына сәйкес келмегені үшін әкімшілік хаттамалар жасайтынын атап өткен жөн.

Осылайша, елорданың табиғатты қорғау полициясы абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін, оның ішінде қоршаулардың дұрыс емес жағдайы үшін 18 құрылыс нысаны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бүгінгіде барлық анықталған ескертулер жойылды.

Барлық жаңалықтар