00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Эпидахуал: Елордада қандай шектеулер қолданылады

25.02.2023 | 00:42
Елорда ақпарат
29

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың айтуынша, соңғы аптада коронавирустық инфекциямен сырқаттану көрсеткіші алдыңғы аптамен салыстырғанда 2,9 есеге, яғни 250,9-дан 84,6-ға дейін төмендеді. Бір тәулік ішінде COVID-19-дың 127 жағдайы тіркелді. Көрсеткіштерге сәйкес, 16 ақпаннан бастап қала эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті.

Елорданың «сары» аймақта орналасқанын ескере отырып, «жасыл», «көк» статусы бар кісілерді кіргізуге рұқсаты бар нысандар – критерийлерге сәйкес толымдылығы 70%-ға дейін жұмыс істеуге құқылы: театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар, бильярд бөлмелері, компьютерлік клубтар, боулинг, цирктер, қоғамдық тамақтану нысандар, мейрамханалар, дәмханалар және т.б.

Қаланың қай аймақта орналасқанына қарамастан, нысандарға шектеусіз қызмет етуге рұқсат етіледі – келушілер мен барлық персонал «жасыл» статусты болған жағдайда «Ashyq» жобасына қатысушылар: СОО, сауда үйлері мен сауда желілері, бассейндер, марафондар, көрмелер, караоке, діни нысандар. Сонымен қоса, бұл естелік, салтанатты іс-шараларға, конференцияларға, форумдарға да қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бизнестің жауапкершілігін арттыруды ескере отырып, кәсіпкерлік субъектілер үшін шектеу шараларын жеңілдету қабылданған болатын.

Айта кетерлігі, қаланың «сары» аймақта болуы ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің тиісті қаулыларымен белгіленген жекелеген карантиндік шектеулерді сақтау қажеттілігін жоймайтынын есте ұстаған жөн. Қалада күн сайын науқастар тіркеледі. Жыл басынан бері елордада 84 мыңнан астам жағдай тіркелген. Сондықтан мегаполис тұрғындарын өздері мен жақындары үшін жауапты болуларыңызды сұраймыз. Вирусты біржола жеңудің жалғыз жолы – вакцинация. Оның қаншалықты тез арада орын алатыны тек өзімізге байланысты, - деп Сархат Бейсенова қала тұрғындарына үндеу жолдады.

Барлық жаңалықтар