00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Елордалық партия мүшелері мүгедектерді оңалту және газдандыру мәселелерін талқылады

24.02.2023 | 18:08
Елорда ақпарат
30

«Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру бағыттарының бірі – тұрғын үй алаптарын газдандыру мәселесі. Бұл халықты табиғи газға көшуге ынталандыруды көздейді.

Жуырда «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы жанындағы жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

«Көмекке жүгінген 14 227 мүмкіндігі шектеулі адамның барлығының өтініші қазіргі заманғы техникалық құралдармен және арнайы жүріп-тұру құралдарында өтініш білдірген мүгедектерді қамтамасыз ету үшін әлеуметтік қызметтер порталына жіберілді, олардың 11 351-і яғни 80%-ы арнайы құралдармен қамтамасыз етілді. Халықты табиғи газға көшіру үшін ынталандыру мәселесі және халықтың аз қамтылған топтары үшін дотация беру бойынша өтемақы алу үшін 127 отбасы рәсімделді, оның ішінде 110 отбасы төлем алды. 2021 жылы кем дегенде 100 адам көмек алады. Әлеуметтік осал топтарға 90 АЕК (262 530 теңге) көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек қарастырылған» - деді Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожина.

Отырыс қорытындысы бойынша, партия мүшелері Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына Жол картасының 46-тармағы бойынша халықтың осал топтарына төленетін қаржы сомасын қайта есептеу және қайта қарау үшін мониторинг пен талдау жүргізуді, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының партиялық бақылау комиссиясында Жол картасының 19-тармағын қарауды ұсынды.  

Барлық жаңалықтар