00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Нұрсұлтандық дәрігер көзді соңғы үлгідегі VisuMax лазерімен емдейді

24.02.2023 | 17:44
Елорда ақпарат
34

Операцияны «Алтын скальпель» халықаралық сыйлығының иегері, тәжірибелі офтальмохирург Ришат Бигелдиев жасайды. Соңғы үлгідегі VisuMax лазерімен бір көзге операция небәрі 25 секундта жасалады. Екі көзге ота жасау көп дегенде 10 минутты алады. RB CLINIC-тің мамандары қиын деген операцияның өзін сәтті жасап шығады.

«Бұл – Carl Zeiss зауытынан 15 наурызда шыққан лазер. Содан бірден Қазақстанға, атап айтқанда RB Clinic-ке жеткізілді. Ал сәуір айынан бастап біз осы аппарат арқылы көзге операция жасауға кірістік. Күн сайын ReLEx-Smile әдісімен клинкада 6-7 операция жасалады. Екі аптада бір өзге де әдістер арқылы, атап айтқанда Femto-Lasik және FRK-мен де ота жасаймыз», - дейді Rb Clinic-тің негізін қалаушы Ришат Бигелдиев.

Өткен көктемнен бері Ришат Бигелдиев жаңа лазердің көмегімен 300-ден астам операция өткізген. Көру қабілетін жақсартуға келген адам алдымен сол жерде тексерістен өтеді. Биыл емханада қондырғының бәрі жаңартылған.

«Біз әр күн сайын таңертең ReLEx-Smile әдісімен коррекция жасаймыз. Бұл өте ыңғайлы. Таңда жасасақ, сол күні-ақ бізге келген адамның көру қабілеті өте жақсы болып кетеді. Өзін жайлы сезінеді. Тіпті көлік те жүргізе берсе болады. Жұмысына да емін-еркін қатынай алады. Яғни, операция жасағаннан соң көздің қалыпқа келуіне көп уақыт қажет емес», - дейді Ришат Бигелдиев.

RB CLINIC 2016 жылы ашылған. Онда көзге микрохирургиялық операция, лезерлік коррекция жасалып, адамдар көру қабілетін жақсартатын өзге де ем-домды қабылдай алады. Емханада жыл сайын 3 мыңнан астам операция өткізіледі екен.

Барлық жаңалықтар