00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Алтай Көлгінов Уфук Экиджи және Жан-Франсуа Мартомен кездесті

24.02.2023 | 17:38
Елорда ақпарат
14

«Сонымен қатар, туризм саласындағы ынтымақтастық перспективалары, атап айтқанда, елдеріміздің астаналары арасындағы ынтымақтастықты күшейту мәселелері талқыланды. Қалада түрік компаниялары бірқатар ірі жобаларды іске асыруда. Оның ішінде медициналық маскалар шығару, әмбебап көпсалалы аурухана салу және т.б. бар» деп жазды елорда әкімі өзінің Instagram-дағы парақшасына.

Осы орайда ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында экономикаға инвестиция тартудың және инвесторларға кешенді сервистік қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өткенін еске салды.

«Сондай-ақ Дүниежүзілік банктің ҚР-дағы Тұрақты өкілі Жан-Франсуа Мартомен кездестім. Экология, көгалдандыру салаларындағы ынтымақтастық жоспарларын, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, энергия үнемдеу технологияларын енгізу және т.б. мәселелерді талқыладық», - деді Алтай Көлгінов.

Барлық жаңалықтар