00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада екі жігіт супермаркеттен қымбат шоколадтар ұрлаған (ВИДЕО)

24.02.2023 | 17:16
Елорда ақпарат
21

Анықталғандай, кәмелеттік жасқа толмаған 17 жастағы жасөспірім мен оның 23 жастағы жолдасы супермаркеттердің бірінен жалпы құны 48 мың теңгені құрайтын 7 қорап қымбат бағалы шоколадты ұрлап кеткен. Нысанға жастар рюкзак сөмке асынып келген және сонда ұрланған тәттілерді салып, кассадан оңай өтіп кеткен.

Кейін күдіктілер ұрланған қораптағы тәттілерді белгісіз азаматтарға төмен бағаға өткізген. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, ұрлық жасады деген күдіктілер ұсталып, олардан түсінік алынды.

Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр. Күдіктілердің бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Барлық жаңалықтар