00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Енді елорданың ескі вокзалында да екпе пункті бар

24.02.2023 | 15:40
Елорда ақпарат
21

Вакцинация пункті ғимарат кіреберісінің жанында 1-қабатта орналасқан. Егу пунктінде, барлық басқа вакцинация пункттеріндегідей, азаматтардың таңдауына вакцинаның үш түрі ұсынылады: Спутник, QazVac, Sinofarm.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін егу пункттері "Нұрлы жол" теміржол вокзалында және Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында ұйымдастырылған болатын.

Қазіргі уақытта қала бойынша сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері жанында 5 вакцинация пункті орналасқан: олар "Керуен" сауда ойын-сауық орталығы, "Хан Шатыр", "Азия Парк", "Абу Даби Плаза" және "Евразия" сауда үйінде бар. Вакцинация пункттерін медициналық мекемелерден де табуға болады.

Бүгінде астанада барлығы 84 вакцинация пункті, сондай-ақ еңбек ұжымдарын вакцинациялау үшін көшпелі бригадалар жұмысын жалғастыруда.

Барлық жаңалықтар