00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Елорда әуежайы мен вокзалында вакцинация пункті ашылды

24.02.2023 | 15:06
Елорда ақпарат
18

«Жалпы, қалада бірінші компонентпен тиісті контингенттің 66 пайыздан астамы қамтылған. Осы жұмысты жақсарту және халықты көбірек қамту мақсатында біз вакцинация пунктерін тағы екі ұйымға – көптеген азаматтар жиналатын жерлерге орналастырамыз» делінген қалалық Денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

«Нұрлы жол» вокзалындағы вакцинация аймағы 4-қабатта, әуежайдағысы 1-қабатта халықаралық және ішкі терминал арасындағы өткелде орналасқан. Жұмыс кестесі – күн сайын сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін.

Қазір қала бойынша вакцинация пункттері «Керуен», «Хан Шатыр», «Азия Парк», «Абу Даби Плаза» сауда ойын-сауық орталықтары және «Евразия» сауда орталығында, медициналық мекемелерде орналасқан. Барлығы 84 вакцинация пункті, сондай-ақ еңбек ұжымдарын вакцинациялау үшін көшпелі бригадалар жұмысын жалғастырып жатыр.

Барлық жаңалықтар