00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Үкіметте жаңа энергия өндіруші қуаттарды іске қосу жоспарлары талқыланды

01.04.2023 | 00:42
Елорда ақпарат
98

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» қоры және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы басшыларының қатысуымен Қазақстанның энергетика саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды, деп хабарлады Elorda.info Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, ірі халықаралық инвесторларды тарту, жаңа энергия өндіруші қуаттарды (жылу, электр энергиясы) іске қосу, жаңартылатын энергия көздерін дамыту және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі жоспарлар талқыланды.

Сонымен қатар кеңеске қатысушылар ішкі нарықты жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету шараларын қарастырды. Энергетика министрі Болат Ақшолақов I тоқсанда бензин, дизель отыны және сұйытылған газ өндірісі бекітілген жоспардан асып түскенін атап өтті. Атап айтқанда, дизель отынының қоры 1 қаңтардан 1 наурызға дейін 241 мың тоннадан 326 мың тоннаға дейін ұлғайтылды. Қазіргі уақытта жанар-жағармай материалдары бірінші кезекте егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, содан кейін жанармай құю станциялары мен әлеуметтік маңызы бар кәсіпорындарға жіберіледі.

Оған қоса, министрдің айтуынша, кейбір өңірде тұтыну деңгейінің өте жоғары болуына байланысты отын жетіспей жатады. Осыған байланысты Энергетика министрлігі қажетті қорды толықтыру бойынша шаралар қабылдап жатыр.

Бұдан басқа орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада отын өндіру мен тұтыну балансын ескере отырып, газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қозғалды.

Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
05.07.2024 | 15:06
Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
04.07.2024 | 11:39
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
03.07.2024 | 13:23
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
03.07.2024 | 09:03
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
02.07.2024 | 15:03
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
02.07.2024 | 10:15
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
01.07.2024 | 21:02
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
24.06.2024 | 14:44
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
20.06.2024 | 19:16
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
19.06.2024 | 14:59
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
Все новости