00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елорданың 25 жылдығына орай Астана туралы үздік фотосуреттерге байқау жарияланды

06.06.2023 | 14:13
47
Фото: Оңалхан Өнерхан/Elorda.info

Байқауды Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Elorda Aqparat» медиасеріктестігі ұйымдастырады, деп хабарлады Elorda.info.

Байқауға барлық қазақстандық фотографтар қатыса алады. 

Конкурсқа Астананың айшықты өмірін, сәулетті көрінісін бейнелейтін өлшемі 300 dpi-дан кем емес JPEG форматындағы фотосуреттер қабылданады. 

Үздік фотосуреттерді елімізге белгілі фотографтардан құралған Конкурстық комиссия айқындайтын болады. Байқау нәтижесінде ең үздік жұмыстар топтастырылған «Астана» атты фотоальбом жарық көреді.

Өтінімдер 2023 жылдың 15 маусымына дейін мына электрондық пошта арқылы қабылданады: elordainfo23@gmail.com.

Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефоны: 8 (778) 143 06 11, 

8 778 155 61 11 (whatsapp).

Барлық жаңалықтар