00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордалық ерекше балалар сүйікті қаланы туған күнімен құттықтады

05.07.2023 | 13:30
47
Фото: Қорғаныс министрлігінен

Астана күніне орай Президенттік саябақтың амфитеатрында ерекше балалардың қатысуымен қайырымдылық концерті өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Оған 55765 әскери бөлімі мен «Бақытты шаңырақ» қоғамдық орталығынан әскери қызметшілердің 20-дан астам баласы қатысты. 

9c2cb6d3-78bf-424d-8543-e621e10e2d4a.jpg

Тұрақты дамуды және ерекше білім беруді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау және көмек көрсететін «Бақытты шаңырақ» қайырымдылық қорының төрағасы Ботагөз Сұлтанова қатысушыларды мерекемен құттықтап, оны ұйымдастыруға қолдау көрсеткендерге алғысын білдірді. 

Біздің міндетіміз – балаларды қоғамға бейімделуге, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу. Концертке қатысушыларға және олардың ата-аналарына бізді қолдап, концертке келгені үшін ризашылығымды білдіремін, – деді ол. 

Әскери бөлім басшылығының атынан 55765 әскери бөлімі әйелдер кеңесінің төрайымы Жанар Рүстемова балаларға грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етті. 

a6058d8d-64c0-4506-aa2c-a3f878522519.jpg

Ерекше қамқорлық пен назар аударуды қажет ететін балаларға арналған шаралар біздің әскери бөлімде жақсы дәстүрге айналды. Елордамыздың көркейіп гүлденуін және оның тұрғындарының бақытты өмір сүруін тілеймін, – деді Ж. Рүстемова. 

Мерекелік шара балаларға да, ересектерге де жарқын әсер қалдырып, тамаша көңіл-күй сыйлады.

Барлық жаңалықтар