00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

«Байқоңыр ханымы – 2023»: Елордада ерекше байқау өтеді

20.06.2023 | 12:30
38

Байқоңыр ауданы әкімінің аппараты Астана қаласының 25 жылдығына және Байқоңыр ауданының 5 жылдығына орай «Байқоңыр ханымы-2023» байқауын жариялады, деп хабарлады Elorda.info

Байқаудың мақсаты – әйел-ананың жақсы қасиеттері мен отбасылық құндылықтарын көрсету.

Байқауға қатысу шарттары: 

- Конкурсқа қатысуға Астана қаласында тұратын, 30-45 жас аралығындағы көпбалалы отбасы (4 баладан кем емес) қатыса алады;

- Өтінімдер 21 маусымға дейін қабылданады;

- Конкурсқа қатысуға өтінімдер g.kazbekova@astana.kz электрондық почтасы арқылы қабылданады;

- Қатысушыларды іріктеу аппараттың ресми Instagram желісіне жарияланып, лайк жинау арқылы жүргізіледі (қатысушылардың саны 8-ден асқан жағдайда);

- Нәтижесінде Гранд-финалға барлығы 8 отбасы өтеді.

Гранд-финал 1 шілде күні елорда күні қарсаңында өткізіледі. 

Финал 5 кезеңнен тұрады:

I кезең: «Мен әйелмін, әлемнің анасымын» өзін таныстыру; 

II кезең: «Сымбатты әйел» ұлттық қазақ костюмін көрсету (дефиле);

III кезең: «Әйел қырық шырақты» қолөнер сайысы;

IV кезең: «Өнерлі отбасы» қатысушы отбасымен шығармашылық өнерін көрсету (ән айту, би, аспапта ойнау);

V кезең: «Ата-баба дәстүрі ұрпаққа аманат» отбасымен қазақ халқының дәстүрін көрсету.

Гранд-финал нәтижесінде «Байқоңыр ханымы» жеңімпазы анықталады.

Байқау номинанттарының барлығы дипломдармен, түрлі номинациялармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

Қосымша сұрақтар үшін +7 708 390 2907 нөміріне хабарласуға болады.

Барлық жаңалықтар