00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Байқоңыр ауданында шағын футболдан турнир өтті

09.07.2023 | 16:30
51
Фото: дереккөз

Байқоңыр ауданы аумағындағы ұйымдар арасында футболдан турнир өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Астананың 25 жылдығы және Байқоңыр ауданының 5 жылдығын тойлау аясында ұйымдастырылған турнирге барлығы 6 команда қатысты. 

Ала доптан өткен тартысты додада 1-орынды «Есіл» сауда үйінің командасы еншіледі. 2-орынды «Отырар» ТҮ командасы алса, жүлделі 3-орын №17 өрт сөндіру бөліміне бұйырды.

75b27827-ac4f-40cd-87f3-ea492813997a.jpg

Жеңімпаздар диплом және сыйлықтармен марапатталды.

Барлық жаңалықтар