00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Астанада журналистер аллеясы ашылды

04.07.2023 | 12:00
68
Фото: Василий Крась

Бүгін елорданың 25 жылдық мерейтойы қарсаңында елорда әкімдігінің ұйытқы болуымен журналистер аллеясының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлады Еlorda.info.

Журналистер аллеясының ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дархан Қыдырәлі қатысты.

c7677219-07fe-4ba2-bfd8-5e0bdf526b45.jpg

0f97742a-5113-45b1-be51-6b35b4d6dbca.jpg

Бүгін қазақ журналистикасы үшін тарихи сәт. Елордамыздағы Егемен Қазақстан көшесінде журналистер саябағы ашылды. Осыдан тура екі жыл бұрын дәл осы ауданда Мемлекет басшысының қатысуымен Алаш қайраткерлеріне арналған ескерткіш ашылған еді. Қаламгерлер  аллеясына жалғасқан  журналистер саябағы ұлттық руханият мұрасын паш етеді, - деді министр.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек жиналғандарды елорданың 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, осы жылдар ішінде еліміздің бас қаласы тек әкімшілік қана емес, шығармашылық, мәдени және рухани орталыққа айналғанын атап өтті.

Біздің қалада еліміздегі ірі басылымдардың орталықтары бар. Сондықтан Елордамызда Журналистер аллеясының ашылуы заңды құбылыс деп айтар едім. Қоғамның дамуында журналистика өте маңызды рөл атқарады. Бұл жауапкершілікті қажет ететін ерекше мамандық. Күн сайын еліміздің тұрғындарын өзекті де маңызды ақпараттармен қамтамасыз етіп отырған мамандардың жұмысын ерекше атап өткім келеді. Журналистер аллеясы бас қаламыздың сәнін келтіретін орындардың біріне айналады деп ойлаймын. Қала күні қарсаңында көптеген жобалар жүзеге асты. Бұл аллея 4 айда салынды. Сонымен қатар, қалада аулаларды абаттандыру, жаңа қоғамдық орындарды ашу бойынша жұмыстар жалғаса береді, - деді қала әкімі.

baceb2f6-da4f-4364-8884-aa5b2b23a339.jpg

Аллеяда баспасөз саласы қызметкерлерінің құрметіне арнайы «Оқырман» мүсіні орнатылған.

Бүгін біз қаланың шеткі жағы деп айтылатын Егемен Қазақстан көшесінде Журналистер аллеясын ашып отырмыз. Елорданың орталығын ғана дамытып жатырмыз деген сын көп айтылды. Осыны негізге ала отырып, сондай-ақ Қаламгерлер аллеясы жақын жерде орналасқандықтан, біз оларды біріктіріп, жаңа қоғамдық кеңістік құруды жөн көрдік. Қазір елорда әкімдігі қаланың осы бөлігін абаттандырумен белсенді айналысуда. Аллеяға астаналық ақсақалдармен, журналистермен келісе отырып жасалған шағын архитектуралық пішінді орналастырдық, - дейді Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов.

«Егемен Қазақстан» газетінің редакциясын он жылдан астам басқарған Сауытбек Әбдірахманов осыдан 14 жыл бұрын газеттің 90 жылдық мерейтойы аясында көшеге бас басылымның атауы берілгенін атап өтті. 

Бүгін журналистика тарихында жаңа дәуір ашылып жатыр, өйткені Журналистер аллеясының ашылуы мамандығымыздың беделі мен абыройын көтереді. Бұл БАҚ өкілдеріне шабыт береді, – дейді ардагер журналист.

Аллеяның ашылуына Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев, елге еңбегі сіңген қайраткерлер, ардагерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының құрметті өкілдері, мәдениет қызметкерлері, елорда мәслихатының депутаттары мен жастар қатысты.

83c89651-dd3e-41da-a0d0-ec9ee49af7ae.jpg

Барлық жаңалықтар