00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада «Домбыра дастаны» мерекелік шоу-концерті өтті (ФОТО)

03.07.2023 | 22:00
59
Фото: Василий Крась

Астана қаласы әкімдігі және Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Ұлттық домбыра күні мен елордамыздың 25 жылдығы аясында «Домбыра дастаны» атты мерекелік шоу-концерті өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Концерт көпшілікке ЭКСПО алаңында ұйымдастырылды. 

7d5b5bcc-d742-4c79-9d18-e6fb3bba2b2b.jpg

fde3b938-c76b-438e-8de1-dd72f8a007e2.jpg

Қазақстандық эстрада әншілері Ибрагим Ескендір, Мирас Жүгінісов, Мәди Рымбаев, Аян Байжігіт, Құралай Мейрамбек, Ақтоты Болшова домбырамен заманауи аранжировкалармен өнер көрсетті.

2fa690eb-1a56-4030-8aec-3d80e4f1e79b.jpg

571ced5e-6879-4021-a44a-5e57b498e5e4.jpg

Концертте қазақ халық музыкасынан бастап заманауи форматтағы шығармалар орындалып, «Hassak», «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамбльдері, бишілер мен эстрада жұлдыздары өнерлерін паш етті.

9598574e-3ce2-493e-a1d1-13778e42d9ea.jpg

Сондай-ақ «Алтын домбыра» орталығының домбырашылары мерекелік номерлерін ұсынды.

Барлық жаңалықтар