00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Астана-25: Бәйге түрлерінен республикалық жарыс мәресіне жетті

06.07.2023 | 14:00
76
Фото: қалалық әкімдіктен

Астана қаласының 25 жылдығына орай «Қазанат» атшабарында бәйге түрлерінен республикалық турнирде жорға және аламан сайысындағы жеңімпаздар анықталды, деп хабарлады Elorda.info

Жорға жарысы. 7 шақырым. 

1-орын. Сұңқар Қасымхановтың (ШҚО) 

2-орын. Әлия Асқарова (Астана қ.) 

3-орын. Эдуард Штихлинг (Абай облысы)

474b5ea70aa6e3a5c3c9def0b08fc30c_1280x720.jpeg

Аламан бәйге. 22 шақырым. 

1-орын. Ділнұр Нұрмұқаш (Алматы облысы) 

2-орын. Боранбай Абдрахман (Атырау облысы) 

3-орын. Асылжан Төлегенов (Жетісу облысы) 

Жарыстың жалпы қоры 30 млн теңгені құрады. Аламан бәйгеде топ жарған шабандоз 5,5 млн теңге, 2-орын алған 3,5 млн теңге, 3-орын алған шабандоз 2,5 млн теңге сыйақымен марапатталды. 

29d91f00cafc1cbbdc2c278388e64bed_1280x720.jpeg

143c73e459ca418d867ece6bfaa96dab_1280x720.jpeg

Бүгінгі жарысқа арнайы Павлодар қаласынан келдім. Қала күніне орай өткен республикалық бәйгені көру керемет сезім сыйлады. Әсіресе, 22 шақырымға созылған аламан бәйге тартысты өтті. Өзге аймақтарда бас жүлдені бермейтін 5 тұлпардың ішінен «Хан» лақап атымен танымал жүйрік соңғы сәтте жеңісті тартып алды. Осындай жарыстар көп бола берсін! деп Ғани есімді көрермен керемет әсерімен бөлісті. 

Жарыстың басты іс-шарасының соңында көрермендер арасында лоторея ойнатылып, жеңімпаздар тұрмыстық техникаларды иеленді.

Барлық жаңалықтар