00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Жаңа Telegram-ботта жемқорлық фактілері хабарланады

13.09.2023 | 11:30
44
Фото: Dima Solomin / Unsplash

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлауға арналған Telegram-бот іске қосылды, деп хабарлады Elorda.info Антикордың Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап. 

«Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарламаларға жедел ден қою мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет @antikorkz_bot Telegram-ботын іске қосты», - делінген хабарламада. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы чат-бот арқылы іздеудегі адамдар туралы ақпаратты да хабарлауға болатынын атап өтті. Іздеудегі адамдар бойынша бағдарлар агенттіктің сайтында мына сілтеме бойынша жарияланады. Антикор басқа мәселелер бойынша азаматтар 1424 қысқа нөміріне қоңырау шалып, кеңес ала алатынын еске салды. 

Барлық жаңалықтар