00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Астанада Сыр елі жәдігерлерінің көрмесі өтті

28.04.2024 | 17:48
82
Астанада Сыр елі жәдігерлерінің көрмесі өтті
Фото: дереккөз

Елордада алғаш рет рухани және мәдени тарихпен танысу мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ғасырлар руханияты» атты көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлады Elorda.info

 Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі жазды. Көрме Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында ұйымдастырылды.

Іс-шараға Астана қаласының Мемлекеттік архиві, Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы, Еуразия ұлттық университеті және  «Amanat» партиясының өкілдері, ғалымдар мен сала мамандары қатысты.

Көрмеге келушілер XVIII-XX ғасырларда жарық көрген араб, парсы, шағатай тілдерінде жазылған 30-дан астам сирек кездесетін кітаптар және 50-ге жуық қолжазбамен танысты. Сонымен қатар  Марал ишанның ұлы Қалмұхаммедтің,Сейітпенбет әулие, Бұқарбай батыр және Сердәлі бидің мөрлері мен Сыр өңіріндегі өнер иелері қолданған сегіз музыкалық аспаптары көрмеге қойылды, -делінген ведомство берген ақпаратта.

Сондай-ақ қонақтар қазақ халқының рухани қазынасы болып саналатын өзге де көне, құнды жазба мұралар мен тарихи жәдігерлер туралы мәлімет алды.

Барлық жаңалықтар