00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Неміс кәсіпкерлері қазақстандық машина жасау саласына қызығушылық танытты

17.10.2023 | 07:30
170
Фото: дереккөз

ҚР Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Германияның бизнес өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

​Келіссөздер барысында вице-министр Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту жоспарларымен бөлісіп, сөз кезегінде Германиядан келген делегацияның өкілдері көлік саласындағы, атап айтқанда, теміржол көлігі, машина жасау және логистика саласындағы ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.

​Тараптар ұзақ мерзімді және өзара тиімді әріптестік қатынастарды дамыту мен нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Бұдан басқа, Федералды экономика және климатты қорғау министрлігінің бастамасымен неміс компаниялары ұйымдастыратын «Теміржол техникасы және теміржол көлігі саласындағы Қазақстан-Германия ынтымақтастығының әлеуетті мүмкіндіктері» тақырыбында конференция өткізу мәселелері талқыланды.

Барлық жаңалықтар