00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Зейнеткерлікке шықпаған 180 мың қазақстандық бар – БЖЗҚ

18.05.2023 | 20:00
33
Фото: Gov.kz

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп, өздеріне тиесілі төлемдерді алуға уақытында БЖЗҚ-ға жүгінбеген 180 мыңнан астам зейнеткерді анықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асыру мақсатында Мемлекеттік корпорация осы жылдың сәуір айында мобильді азаматтар базасында (бұдан әрі – МАБ) тіркелген алушыларға зейнетақы жинақтарын төлеу бойынша проактивті қызмет көрсетуге келісімін алу үшін sms-хабарламалар жіберді.

Сәйкестендіру барлық алушылардың телефон нөмірлері мобильді азаматтар базасында тіркелмегендігімен қиындық тудырады. Бұдан басқа, Мемлекеттік корпорация 57 мыңнан астам адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткенін, сондықтан Мемлекеттік корпорациядан төлем алмайтынын анықтады. БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алмағандардың арасында зейнетақы жинақтары төлемін алуға қайтыс болған адамдардың өтініш білдірмеген мыңға жуық мұрагерлері де бар. Тағы бір санат – жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына толған және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алып жүрген адамдар, - деп жазылған хабарламада.

Алайда зейнетақы төлемдерін алуға жүгінбеген тұлғаларды анықтау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Осыған байланысты БЖЗҚ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зейнет жасына толған және БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдар БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға құқылы екенін және БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелеріне уақытылы жүгінуге кеңес береді.

Егер алушы төлем алуға өтініш бермесе, зейнетақы жинақтары оның жеке зейнетақы шотында сақталып, оған инвестициялық кіріс есептеле береді, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері өтініш берілген күннен бастап тағайындалып, зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

Барлық жаңалықтар