00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Қытайлық жастар кеңседегі жұмысын тастап кетуде

08.06.2023 | 16:30
42
Фото: ашық дереккөз

Қызық, Қытайда жастар кеңседегі жұмысын тастап, қызмет көрсету салаларына кетіп жатқан көрінеді. Олар күні бойы жұмыста компьютерге шұқшиып отырғаннан гөрі шығармашылықпен айналысып, достарымен араласуға көбірек уақыт бөлгенді қалайды. Бұл  үрдіс мамандық бойынша еңбек етуден бас тарту деп аталады деп хабарлады  Elorda.info  CNBC-ке сілтеме жасап. 

5 жастағы Юнис Ван Бейжіңде фармацевтикалық компанияға стратегиялық кеңесші болып жұмысқа орналасты. Бұл – оның арманының шыңы еді. Оған жету үшін ол 6 жылын сарп етті. Оған дейін биологиялық инженер мамандығы бойынша колледжді бітіріп, кейін АҚШ-та бизнес барлау магистрі дәрежесін алды. Алайда үш айдан кейін-ақ ол жұмысын тастап, туған қаласына оралып, кофеханаға бариста қызметіне жұмысқа орналасады. Әрине, ол кеңседегі жұмысымен қимай қоштасты, алайда дәл қазіргі жұмысына күн сайын қуана баратынын айтты ол. Юнистің қызметтік жолы «ақ жағалыдан» - жеңілдеу жұмысқа» тенденцияның көрнекті мысалы болып табылады. 

Xiaohongshu әлеуметтік желісінде #меніңалғашқыфизикалықжұмыстәжірибем хэштегі кең таралуда. Жастар қызмет көрсету саласына қалай келгенін әңгімелейді. Олардың басым бөлігі корпоративтік сектордағы жоғары жалақылы жұмыс орындарынан бас тартып, оның орнына фаст-фуд мейрамханаларында менеджер, даяшы немесе еден жуушы болып жұмысқа орналасқан екен. 

Шанхайдағы Нью-Йорк университетінің әлеуметтану профессоры Ву Сяоган пандемиядан кейін жастардың көбісі іс жүзінде жұмыссыздық мәселесіне тап болып, мамандығынан тыс басқа жұмыстарға орналаса бастағанын айтты. Алайда қазір бұл мәселенің масштабы өзгерген. Енді адамдар мұны әдейі жасайды. Олар кофеханаларда жұмыс істеу үшін компаниялардағы кеңселік жұмысты тастап кетіп жүр. Сол университеттің әлеуметтану кафедрасының ассистенті Цзя Мяо елдегі қарқынды экономикалық өсімі азаматтардың жұмыс таңдауға деген көзқарасын өзгерткенін айтады. «Аға буын жоспарлы экономикада жұмыс істеген болатын. Ал атқарып жатқан қызметі отансүйгіштікке тәрбиелеу үдерісімен қуаттандырылған. Әркім өзінің еңбегі жаңа социалистік елдің дамуына үлес қосып жатқанына сенімді болған. Ал қазір ішкі жалпы өнімнің жоғары деңгейіне жеткендіктен, жастар көбіне индивидуалдық көзқарасқа бет бұруда. Олар енді елдің дамуына үлес қосуды мақсатым деп есептемейді», - деді ол. 

Ғалымдардың айтуынша, көптеген жастар өз жұмыстарынан көңілі қалған да болуы мүмкін, өйткені компаниялар оларды жұмыс үшін емес, жұмыс үстелінде компьютерде жұмыс істеу үшін жалдайды. «Бәрібір қоғам күткен адам бола алмаспын» деген пессимистік көзқарас та бар. Дегенмен олар жоғары білімді мамандардың орта мектепті аяқтағандар да жасай алатын орынға орналасуын аса қолдамайды, білікті адам екінің бірі жасай алмайтын кәнігі кәсібімен айналысқаны дұрыс деп есептейді. 

Ву бірлесіп жазған мақаласында жастар арасындағы жұмыссыздық рекордтық деңгейде боп тұрғанда Қытайдағы колледж түлектерінің кем дегенде төрттен бір бөлігі толық емес жұмыс күнімен айналысады делінген. 

 

Барлық жаңалықтар