00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Worldskills аймақтық чемпионаттарына 3500-ден астам студент қатысты

04.05.2023 | 20:00
33
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің сайтынан

Қазақстанның 17 облысы мен 3 қаласында Worldskills аймақтық чемпионаттары өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, оған ел бойынша 3500-ден астам студент, 4000-ға  жуық сарапшы, оның ішінде 500-ден астам жұмыс беруші қатысты.

Жұмысшы мамандар арасындағы «Worldskills Kazakhstan 2023» кәсіби шеберлік чемпионатының соңғы апталығы Алматы облысында өтіп жатыр. Студенттер электрлік жұмыстар, бизнеске арналған IT шешімдер, веб-технологиялар, мобильді робототехника, мехатроника, прототиптеу секілді 30 құзіреттілік бойынша өз шеберліктерін сынға салып жатыр. 

Айта кетейік, елімізде 28-наурызда басталған аймақтық WorldSkills чемпионаты мамырдың 5-іне дейін жалғасады. Ал, «WorldSkills Қазақстан- 2023» чемпионатының республикалық кезеңі маусым айында Астана қаласында өтеді. 

WorldSkills халықаралық қозғалысы жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және танымал етуге бағытталған.

 Сондай-ақ білікті кадрларды даярлауда жаңа тенденцияларды қалыптастыруға ықпал етеді.

Барлық жаңалықтар