00:00
Астана -10oC
USD:
464.72
EUR:
496.32
RUB:
5.4
Іздеу

Әуе компаниясы халықаралық бағыттарға жас шектелімі бар тариф енгізді

Әуе компаниясы халықаралық бағыттарға жас шектелімі бар тариф енгізді
ашық дереккөз

Qazaq Air әуе компаниясы 60 жастан асқан жолаушылар мен 16 жастан 21 жасқа дейінгі жастарға жаңа тариф ұсынды, деп хабарлады Elorda.info әуекомпанияның Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

Аталған тариф бойынша билетті сатып алу үшін веб-сайтқа кіріп, сапардың бағыты мен күнін көрсеткеннен соң, ашылмалы тізімнен жасын ескере отырып, жолаушы қай санатқа жататынын таңдау қажет. Әрі қарай ұшу опциялары бар бет жүктеледі. Арнайы ашылған бетте тарифті таңдап, жеке деректерді толтырып, билетті төлеуге көшу керек. Әуекомпания билеттерді flyqazaq.com сайтынан, Qazaq Air кассасы арқылы немесе әуекомпания агенттерінен онлайн сатып алуға болатынын еске салды.

Мұндай тарифтің артықшылығы – төмендетілген баға. Сонымен қатар, билетті сатып алудың тағы тиімді тұсы – жасына байланысты тарифтер ыңғайлы. Себебі, мұнда рейс күнін өзгертуге шектеулер жоқ, қайтару айыппұлсыз және жүк билет құнына кіреді. Сонымен қатар, жолаушы билетті рейсте орын болған жағдайда тегін қайта брондай алады, - деп атап өтті әуекомпанияның ресми өкілі Ақбота Орынбаева.

Барлық жаңалықтар