Елордада ТМҰ мүше мемлекеттер уәкілетті органы басшыларының кездесуі өтті
![Елордада ТМҰ мүше мемлекеттер уәкілетті органы басшыларының кездесуі өтті](/img/articles/cbcee743cb4b17457d0a7a770a4e6f51.jpg)
Бүгін халықаралық «23 маусым – Мемлекеттік қызметші күніне» орай Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің адам ресурстарын дамыту жөніндегі уәкілетті органдар басшыларының үшінші кездесуі өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шараға Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев, Түркия Республикасы Президенті жанындағы Адами ресурстарды басқару кеңсесінің президенті Салим Атай, Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік қызметті дамыту агенттігінің директорының бірінші орынбасары Амиртемирхон Мусаев, Әзірбайжан Республикасының Мемлекеттік емтихан орталығының директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Бахрам Халилов, Әзірбайжан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Урхан Алакбаров, Қырғыз Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының проректоры Урмат Аманбаев, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың аппарат басшылары қатысты.
МҚІА төрағасы Дархан Жазықбай жаһандану және жедел технологиялық прогресс жағдайында ұлттық және халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттіліктің негізі – адам капиталына ерекше көңіл бөлудің маңыздылығына тоқталды.
«Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитінде елдеріміз саяси, экономикалық және мәдени ықпалдастықты жаңа деңгейге көтеруі қажет деп айтып өткен болатын. Сондықтан біз үшін Түркі әлемінің экономикалық, мәдени және әлеуметтік салалардағы үйлесімге ұмтылысын ескере отырып, мемлекеттік қызметтегі HR саласында да ұтымды шаралар қабылдаудың маңызы ерекше. Біздің мақсатымыз бір – ол мемлекеттік қызметте адам ресурстарын басқарудың күшті әрі үйлесімді жүйесін құру», - деді Дархан Жазықбай.
Бүгінде Қазақстанда мемлекеттік қызметті жаңғыртуда HR құралдарын қолдануға басымдылық беріліп, талантты жастарды және жеке сектордан кәсіби мамандарды тартудың жаңа тетіктері енгізілуде. Біліктілігі мен салалық тәжірибесіне сәйкес кәсіби мамандар мен дарынды басқарушыларды жекелеген жоғары лауазымдарға, ал жоғары оқу орындарының грантпен бітірген үздік түлектерін аудандық және ауылдық деңгейдегі лауазымдарға конкурссыз тағайындау, «келісімшарттық қызметші» ретінде салалық мамандарды нақты жобаларды іске асыруға тарту мүмкіндіктері берілген.
Цифрлық трансформация аясында «e-Qyzmet» жүйесінде іске қосылған мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа форматы Қазақстан азаматтарына конкурстарға онлайн түрде қатысуға жол ашты. Цифрлық іріктеу жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында агенттікпен жасанды интеллект құралдарын қолдану мәселесі зерделенуде.
Жиынға қатысушылар өз кезегінде, Қазақстанның мемлекеттік қызметті жетілдіру бағытындағы қадамдарын оң бағалап, өзгерістер дәуірінде адами капиталды дамытуға қатысты өзекті ойлары мен озық тәжірибелерін ортаға салды. Әзірбайжанда тестілеу құралдарын кеңінен қолдану, Қырғызстанда мемлекеттік қызметшілердің цифрлық сауаттылығын арттыру, Түркияда үздіксіз оқыту жүйелерін ілгерілету, Өзбекстанда бағалау тетіктерін жаңарту жұмысы алға қойылғандығы айтылды.
Кездесу соңында қатысушылар бүгінгідей басқосудың мемлекеттік қызметтегі адами ресурстарды басқару бойынша тәжірибе алмасудағы және үздік шешімдерді әзірлеудегі маңызын ерекше атап, одан әрі ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екендерін білдірді.
![](/img/articles/3f1bcbcf942376823eda05ec115172e8.jpg)
![](/img/articles/cb0bb4f5022ba92814e9b3728392386d.jpg)
![](/img/articles/e7210aa2ef30657bdebca001896c5a9f.jpeg)
![Шенеуніктердің құмар ойын ойнауына тыйым салынады](/img/articles/3f1bcbcf942376823eda05ec115172e8.jpg)
![Атырау облысында үйге найзағай түсіп, шетелдік азамат қайтыс болды](/img/articles/cb0bb4f5022ba92814e9b3728392386d.jpg)
![Еліміздің 17 өңірінде психологиялық қолдау орталығы ашылды](/img/articles/e7210aa2ef30657bdebca001896c5a9f.jpeg)
![Әнші Мөлдір Әуелбекова ұлының арманын орындады](/img/articles/cdc54927df60f1eb2111469e80a584cb.png)
![Олжас Бектенов «Бәйтерек» кешенінің құрылыс барысын тексерді](/img/articles/985db0f0d198ea10538badd8fbe8c530.jpg)
![Елордада биыл екі бала суға кетті](/img/articles/581b81c7e02f6d6eeceb6b124c8384cf.jpeg)
![Тоқаев: Отандық журналистика мықты қоғамдық институтқа, нағыз төртінші билікке айналды](/img/articles/d1d8a5f4a8b65c7df4b5ada4ad64f4f9.jpg)
![«Павлодар-Астана» электропойызының бағыты Бурабай мен Көкшетауға дейін ұзартылды](/img/articles/4e5fdbe48b2c6c5aade98c49afea2691.jpeg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)