00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
518.99
RUB:
5.4
Іздеу

Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген

20.05.2024 | 14:36
1 206
Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген
Фото: дереккөз

Астана тұрғыны көршісінің сеніміне кіріп, оның атынан алты несие рәсімдеген. Ол банктерден мобильді банкинг арқылы екі несие алып үлгерсе, қалғанын шағын несие ұйымдарынан алған, деп хабарлады Elorda.info.

Анықталғандай, күдікті көршісімен сенімді қарым-қатынаста болған және оның жұмыс іздеп жүргенін білген соң, оған көмектеспек болған сыңай танытқан. Сөйтіп көршісінің жеке деректерін иемденіп алған күдікті жалпы сомасы 4 миллион теңге онлайн несие алған.

Қазір Байқоңыр ауданының полиция қызметкерлері күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғады. Алаяқтық жасаған күдікті қылмысын мойындады. Оның елордада осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар