00:00
Астана -10oC
USD:
465.52
EUR:
498.2
RUB:
5.45
Іздеу

AMANAT партиясының ұйымдастыруымен «Астраханское» тас жолының маңы қоқыстан тазартылды

21.06.2024 | 17:56
Торғын Аман
106
amanatpartiasy.kz

Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында AMANAT партиясы әр апта сайын ұйымдастырылатын «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын жалғастырады, деп хабарлады Elorda.info.

Сарыарқа ауданы әкімдігінің, AMANAT партиясының өкілдерінен, «Жастар Рухы» жастар қанатының еріктілері мен қоғам белсенділерінен тұратын 400 адамға жуық топ Астана қаласының айналма жолы маңынан 300 қаптан астам қоқыс жинады.

Іс-шара тек қоқыс жинаумен шектелмейді. Әр учаскеге мәслихат депутаттары, белсенділер және бастауыш партия ұйымдарының басшылары бекітіледі. Олар сол учаскеде тұрақты түрде тәртіп пен тазалықты қамтамасыз етумен қатар, қоқыс жәшіктерін орнату, аумақтарды көгалдандыру, жолдар мен жаяу жүргіншілер жолын жөндеу сияқты абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту мәселелерін шешеді.

Сондай-ақ, AMANAT партиясы Астана қалалық филиалы жанынан қалалық экологиялық жағдайды бақылауда ұстау үшін 5 мобильді топ құрылды. Әр мобильді топ құрамында Экологиялық кеңес мүшесі, Мәслихат депутаты, Аудандық партиялық филиалдарының Төрағалары, Аудандық Атқарушы хатшылары, Партиялық Бақылау комиссиясының мүшелері, партияның белсенді мүшелері бар.

Бұған дейін мобильді топтар жүргізген мониторинг жұмыстарының қорытындысына сәйкес қала ішіндегі және қала маңындағы 20 заңсыз қоқыс орны анықталған.

Барлық жаңалықтар