00:00
Астана -10oC
USD:
472.62
EUR:
513.22
RUB:
5.43
Іздеу

Ақтау мен Жаңаөзен арасындағы жан түршігерлік жол апаты болды

22.06.2024 | 11:43
Торғын Аман
138
Ақтау мен Жаңаөзен арасындағы жан түршігерлік жол апаты болды
фото: mangystaumedia.kz

Жаңаөзен-Ақтау арасындағы тасжолда жол апаты болып, адам өлімі тіркелді, деп хабарлады Elorda.info mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қайғылы жағдай Жаңаөзен қаласына таяу маңдағы жолдың ұшақ қонатын аумағында тіркелген. Әлеуметтік желіде жария болған суреттерде оқиға кезінде Lexus GS300 көлігінің жол ортасын бөліп тұрған темір жиекке қатты жылдамдықпен соғылғанын аңғаруға болады. Сонымен бірге, көлікте болған екі адамның қозғалыссыз жатқаны анық байқалады. Әзірге аталған оқиғаға қатысты облыстық ПД ақпарат таратпады.

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Барлық жаңалықтар