00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Тағы бір құжат цифрлы форматқа ауыстырылады

03.08.2023 | 07:30
49

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, автокөліктің техникалық байқаудан өткенін куәландыратын құжатты цифрлы форматқа көшіру бойынша жұмысты қолға алды,  деп хабарлады Elorda.info.

Бұдан былай техникалық байқаудың диагностикалық картасы электронды үкіметтің мобильді қосымшасында  сақталатын болады.  Ол үшін қосымша арқылы жеке кабинетке кіру қажет. 

Қазір IT мамандары арнайы сервисті әзірлеп, техникалық жұмыстарды жүргізіп жатыр. Интеграциялық жұмыстардан кейін осы қызметтің қанатқақты нұсқасы алдағы 1 қыркүйекте EgovMobile платформасында іске қосылады.

Аталған жобаның жоспарына сәйкес құжаттың цифрлы нұсқасы қадағалаушы органдардың дерекқорында сақталып, оны онлайн режимде тексеруге болады.

Айта кету керек, цифрлы құжаттардың заңды күші қағаз жүзіндегі аналогтармен бірдей және олардың артықшылығы көп: сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жойылып, қоғамның сеніміартады.

Барлық жаңалықтар